ЖаңалықтарМәдениет

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАҢА ҰЛАҒАТЫ

Елордада «Бір белдеу, бір жол» атты қытай фотографтарының ислам мәдениеті мен дәстүріне арналған фототуындыларының көрмесі өтті. Бұл шара Қытай Халық Республикасының Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 25 жылдық мерейлі датасына арналды. Екі елдің тарихи байланысы тереңнен басталады. Көрмеге соның бір қырынан сыр шерткен, әлемнің 65 елінде түсірілген 200 сурет қойылды. Қай-қайсы да қазіргі заманғы көркем фотоөнерінің үздік туындысы.

era_1228

Ұлы Жібек жолының өн бойында орналасқан елдердің сәулетті мешіттерінің, сол жерді мекен еткен адамдардың бейнесі Жібек жолын қайта жаңғыртып, тарих қойнауында қалған елестерді көз алдымызға келтіргендей әсер қалдырды. Қытайдың Сиань деген жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы ірі сауда магистралі ретінде XVI ғасырға дейін қыз­мет еткені белгілі. Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады, түркі елінің ортағасырлық өркендеген дәуірімен де тығыз байланысты болғанын тарихшыларымыз дәлелдеп отыр.
Арада жылдар өтіп, көне жолдар жоғалып, тарих қойнауында қалғандай болатын. Бірақ көр­медегі суреттер басқаша сөй­леді. Мыңдаған жылдар бойына жаңғырмаған көне керуен жолының шаңы қайта көтеріліп, керуендер қозғалып, Батысқа қарай бет түзегендей. Ұлы Жібек жолы тірілгеніне, мың жылдар бұрынғыдай бұл жолмен керуендер жүретініне шын қуанған адамдардың бейнесі суреттерден үңілді. Міне, қас-қағым сәттің бедерлеген кадрларына қарап отырып, осындай ойға берілдік.
Тағы да тарихқа жүгінсек, Қазақстан Ұлы Жібек жолы бойындағы алғашқы аялдама болатын. Қытай біздің жерден өтіп, көшінің басын басқа елдерге бұратын. Осыдан үш жыл бұрын ҚХР төрағасы Си Цзиньпин біздің республикаға сапармен келгенде Орталық Азия елдерімен бірігіп, «Жібек жолының экономикалық бел­деуі» құрылысын бастаудың тұжырымдамасын ұсынғаны кездейсоқ емес екен. Бұл бел­деу арқылы әлемдегі ең ұзын және ең тиімді, Азия мен Еуропа құрлықтарын қосатын эко­номикалық дәліз құру көз­делуде. Қытай тұжырым­дамасын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы ұсынған «Нұрлы жол – болашаққа бас­тар жол» жаңа экономикалық саясат бағдарламасы үйлесімді толықтырды. Көрменің ашылу салтанатында осы оқиғаға ерекше тоқталып өткен қытай­лық әріптестер жаңа Жібек жолының жаң­ғыруының болашағына деген үміттерін білдірді.
«2013 жылдың 7 қыркүйегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев университетінде өт­кен халықаралық конференция­да «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» бірлескен құрылысы туралы бастама көтерген болатын. Н.Назарбаевтың қол­дауына ие болған бастаманы бүгінде жүзден астам мемлекет те қуаттап, мәдени байланыс пен әлемдік экономиканың дамуына ықпал ететінін бағалап үлгерді» деді Нинся достық пен экономика, мәдениет ықпал­дастығы халықаралық ислам ас­со­циациясының төр­ағасы Хэй Лянцзе. Төраға Жібек жолының бастауында тұрған қытай мәде­ниеті де жол бо­йындағы елдер­дегі халық­тар­дың мәде­ниеттері арқылы түр­леніп, адамзат өрке­ниетінің үйлесімді дамуына, оның алға озуына әсерін де атап өтті.
ҚХР-ның еліміздегі елшілігінің өкілі Лю Цзянпин Қазақстан бүгінде Қытайдың стратегиялық серіктесі әрі сенімді көршісі ре­тінде танитынын және екі елдің басшыларының жаңа бастамалары екі халықтың гүлденуіне жол ашатынына сенім білдірді.
«Фотоөнер ұлы жолдың бо­йындағы халықтарды біріктіретін құрал ретінде алға шықты. Се­­бебі сан тілді халықтардың ара­сында тілдік кедергілер жойылды. Осы суреттердегі бейнелердің көз жанарындағы сәуле де жанымызға жақын. Себебі біз қандай елде, қандай жерде жаралсақ та, рухани арқау біздерді байланыстырып тұр. Бұл – ислам. Осы елдердегі ислам бедерлерін таңдап, көпшілікке ұсынғанда, адам жаратылысының осы ракурсына ден қойдық» деді көрмені ұйымдастырушылардың бірі – Хусей Дауров.
Ұлы Жібек жолының бастауы Қытайдың мәдени және тарихи орталығы – Сиань Қытайдағы дүнгендердің көбісінің тарихи отаны саналады. Бір жарым мың жыл бойы империя астанасы болған Сианьға «Таң» дәуірінде, VII ғасырда Ұлы Жібек жолын басып өтіп, Арабиядан алғашқы елшілер келеді. Зерттеушілердің пікі­рінше, олар және кейіннен аспан асты еліне келген парсылар мен түріктердің ұрпақ­тары дүнген этносының қа­лыптасуын бастап берген. «Сон­дықтан дүнгендер екі мем­лекет – жаңадан тапқан және тарихи отандары арасында болып жатқан оқиғаларға ортақ­тығына ерекше сезіммен қарайды» деді Х.Дауров.
Көрмеде Қазақстандағы ислам ошақтарының суреттері көптеп саналады. Бұдан бөлек, бірқатар кадрларда ҚХР мекен етіп жатқан қазақтардың тұрмыс салты көрініс тапқан.
Алдағы уақытта ҚХР-ның Мемлекеттік өнер қорының де­меушілігімен жүзеге асқан көрме қазақ жеріндегі алғашқы аялда­мадан кейін басқа да ел­дер­дің көрме залдарына қо­йылмақ.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button