Мәдениет

Мигрант қыздың тағдыры



Кинорежиссер Әділхан Ержанов өзінің «Адемоканы оқыту» атты кезекті 12-ші толықметражды көркем фильмінің түсірілімін аяқтады. Аталған туынды Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ және Short Brothers компаниясының қатысуымен жүзеге асты.

Фильм биылғы жаз айында Алматыда түсірілді. Онда елімізде заңсыз жүрген Адемока есімді мигрант қыздың оқиғасын баяндайды. Қайыр сұрап, күн көріп жүрген талантты да дарынды бойжеткеннің бар арманы – білім алу. Алайда оның өзге мемлекетте заңсыз жүргені және азаматтығының жоқтығы айтарлықтай кедергі болады. Күтпеген жерден оған өмірден түңілген, маскүнем Ахав есімді философия пәнінің мұғалімі қол ұшын созады…
Кинотуындының продюсерлері – Алмат Масалим, Серік Әбішев және Ольга Хлащева. Сценарийді Әділхан Ержановтың өзі жазған. Фильмде басты рөлді жас актриса Адема Ержанова сомдады. Ахавтың рөлін Әділхан Ержановтың басқа да фильмдеріне түскен ­Данияр Алшинов ойнады. Сондай-ақ киноға Болат Қалымбетов, Әсел Сәдуақасова және Санжар Мәди қатысқан. Бұл туынды алдағы жылы отандық прокатқа шығады деп жоспарланып отыр.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button