Мәдениет

Мүсірепов театрының «Сезім сапары»



16-18 маусым күндері «Сезім сапары» атты спектакль-туры аясында Астанада Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының гастролі өтеді.

Өнер ошағы осы үш күн бойы «Жастар» театры сахнасында күніне екі рет Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов­тың әйгілі романы желісімен «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклін ұсынады.

Осыдан тура екі жыл бұрын премьерасы өткен спектакльдің қоюшы режиссері Фархад Молдағали қойылымды заманауи нұсқада ұсынып, осы заманға жақындатты. Бұл, бір жағынан, заман ағымынан қалмаудың амалы болса, екіншіден, қазіргі жастарды қызықтыру үшін жасалды. Бірақ шығарма арқауы сол – Ербол мен Меңтайдың махаббаты. Жазылғанына жарты ғасырдан асқан туынды ХХ ғасырда ең оқылымды шығармалардың бірі болды. «Махаббат қызық мол жылдар» – ХХІ ғасырда да сұранысқа ие романдардың бірі. Оған «Фолиант» баспасының кітапты қайта басып шығаруы, туындының экрандалуы дәлел. Ал сахналық қойылымда танымал театр және кино әртістері Дархан Сүлейменов, Гүлбаhрам Байбосынова, Мақсат Сәбитов, Ерден Жақсыбеков, Толқын Нұрбекова, т.б. актерлер кейіпкерлерді сомдайды. Спектакль «Жастар» театрында әр күн сайын сағат  14.00 және 18.30-да басталады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button