Мәдениет

Мұз айдынның қызығы таусылмайды



Өткен сенбі күні «Алау» мұз айдынды спорт сарайының жаңа маусымы ашылды. Коньки тебуге құмартқан астаналықтар күні бойы бой сергітіп, денелерін шынықтырды.

«Алау» әкімшілігі қала тұрғындары үшін тек қана жаппай сырғанау ұйымдастырып қоймай, көңіл күй көтеретін ойындар өткізіп, белсенді конькишілерге сыйлықтар да берді. Енді жаздай демалыста болған қысқы спорт әуесқойлары үшін «Алау» есігі айқара ашық болмақ. Ол үшін сарай әкімшілігі тұрғындарға қолайлы болатындай кесте жасап қойған. Әркім өзіне ыңғайлы уақытта отбасымен, достарымен немесе әріптестерімен осында келіп демалуға немесе спортпен шұғылдануына мүмкіндік алатын болады. Бұл ретте, әсіресе, жастардың мұз айдынға көп келетіні белгілі болып отыр. Бұл дегеніміз салауатты өмір салтын ұстанатындар қатары көбейіп келе жатқанын білдірсе керек.
Мұз айдынының бір жағында конькимен жүгірушілер жүрсе, екінші жағында мәнерлеп сырғанаушылар шеберлігін шыңдай алады.
«Алаудың» жаңа маусымының ашылуына жиналған адамдар шын мәнінде керемет көңіл күйге бөленді десе болады, өйткені мұнда эстрада жұлдыздары, би ансамбльдері қатысқан шоу-бағдарлама қойылды. Сол думанның ішінде ең қызығы, әрине, сыйлықтардың ойнатылуы болды. Қызығы сол, сыйлықтарға жыл бойғы абонементтермен қоса, «Астана» футбол командасы мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матчқа билеттер де ұсынылды. Сонымен қатар көптеген келушілер осындағы фитнес залға тегін кіру мүмкіндігіне ие болды.
Түйіндеп айтқанда, «Алау» мұз айдыны қала тұр­ғындары үшін жаңа жаппай сырғанау маусымын ашты. Олай болса демалыс күндеріңізде мұз айдынында конькимен сырғанауға уақыт тауып көріңіздер, өкінбейсіздер, денеңізді сергітіп, қызыққа кенелесіздер!




Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button