Жаңалықтар

Не маңызды?



Еуропадағы жоспарлау қағидаттары көшедегі көліктердің қозғалысын реттеп, жүргізушілер арасында мәдениетті қалыптастырады.

Алдымен жаяу жүргінші автомобильден гөрі маңызды. Велосипедшінің автомобильден артықшылығы бар. Маршруттық автобус немесе трамвай жеке автомобильден гөрі маңызды. Барлық автокөлік жүргізушілері тең. Қозғалыстағы көлік тұрақта шөгерілген көліктен гөрі маңызды (бірінші пайдалы жұмысты орындайды, екіншісі жоқ). Тиісінше көлікті тоқтатқаныңыздың салмағы бар. Жол қозғалысына жүргіншілер жолына, сондай-ақ қоғамдық көлік қозғалысына кедергі келтірмеуіңіз керек. Сол маңызды.

Көлік иесінің қала қозғалысында шет қақпай болмайтын жері маңында жаяу жүргінші болмаған кезде велосипедшілер болмаса тіпті жақсы, қоғамдық көліктің тоқтайтын аялдамасына да жақын болмауы тиіс.

Барлық басқа көшелердің иесі – жаяу жүргінші. Мұнда автомобильдердің жылдамдығы қатаң лимиттелген. Қала кеңістігінің әр бөлігі – көшелер, өткелдер, тротуарлардың да иесі бар. Меншік иесі – не муниципалитет, не үйдің иесі, не кондоминиумға біріктірілген пәтер иелері. Меншік иесі рұқсат етпеген жерді тұраққа айналдыру құқық бұзушылық болып саналады.
Автотұрақ ақылы. Оның төлемі қала орталығына жақындаған сайын өсе түседі. 1950 жылдары көліктік жоспарлау қағидаттары «болжамдап, қамтамасыз ету» тезисіне байланған болатын. Көлік көбейіп, ірі қалалардың көше қозғалысының сы­йымдылығы артқан сайын «болжап, алдын алу» үрдісіне көшті. Соңғы он жылдықта «сұранысты басқару» қағидасы алға шықты. Бұл мәселені шешуге батыл қадам керек. Жол кеңістігін қайта бөлу (автобустар үшін бөлек жолақты бөлу) немесе жолдарды ақылы ету жүзеге асырылуда.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button