Басты ақпарат

«Нұрлы жүрекке» көлік сыйлады



Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қаладағы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Бүгінде бұл мекемеде мүмкіндігі шектеулі 273 балаға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Орталықта оларға барлық жағдай жасалған. Мұнда сенсорлық бөлме, монтессори әдісі мен логопед, психолог, физио кабинеттері, музыкалық зал, спорт алаңы және еңбекке бау­лу шеберханалары жұмыс істейді. Орталық жұмысымен жан-жақты танысқан шаһар басшысы: «Мүмкіндігі шектеулі балаларда қоғамда өз орындарын табуы қажет. Осы бағытта «Нұрлы жүрек» орталығы жақсы жұмыс істеп жатыр» деп ұжымға ризашылығын білдірді.
Осында қызмет істейтін мамандар жет­к­іншектерге сегіз түрлі әлеуметтік қызмет ұсынады. Биыл қаңтарда жастарға жұмысқа орналастыру мақсатында оқыту корпусы ашылған.
«Бұрын біз балаларды 3 жастан 18 жасқа дейін қабылдайтын едік. Биылдан бастап 29 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жастарға да қызмет көрсетеміз. Сондай-ақ біз оларға өзіне-өзі қызмет ету, адамдармен дұрыс қарым- қатынас жасауды да үйретеміз» деді орталық директоры Серік Бөпежанов.
Сонымен қатар «Инватакси» ауқымды әлеуметтік жобасының аясында «Халық» қайырымдылық қоры мен Қазақстан халық банкісі орталыққа мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдайтын көлік сыйлады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button