Жаңалықтар

ОДЕССАДАҒЫ КӨРМЕ



Одессадағы Вернисаж галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды.

Көрмеде Қазақстан тарихын көрсететін фотосуреттер, оның мәдениеті, халқы, табиғаты, сәулеті, ұлттық тағамдары қойылған. Сонымен қатар жұртшылыққа Семей ядролық полигонының жабылу тарихы мен Қазақстанның әлемдік аренадағы ядролық қаруды таратпау саласындағы күш-жігері туралы материалдар көрсетілді.

Көрмені Қазақстанның Украина­дағы елшілігінің көмегімен Одессадағы ҚР Құрметті консулдығы ұйымдастырды. Көрменің ашылуына Одессаның мәдениет, қоғамдық және іскер топтарының өкілдері шақырылды. Мұндай фотокөрмелер алдағы жылдары Харьков пен Львов қалаларында да өтетін болады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button