Жаңалықтар

ӨНДІРІСТЕГІ ЖАРАҚАТҚА КІМ КІНӘЛІ?



Астана қаласы Ішкі істер департаментінде «Астана қаласының құрылыс алаңдарындағы өндірістік жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңестің жұмысына қалалық ІІД тергеу басқармасы мен анықтау басқармасының басшылары, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы мен құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.
Кездесуде жұмыс орын­дарын­дағы кемшіліктер мен қайғылы оқиғалардың себеп-салдары жете талқыланып, оларды болдырмау жолдары мен жұмыстың басты бағыттары нақтыланды.
Еңбек инспекциясы бас­қар­масы басшысының орынбасары Қ.Ысқақовтың айтуынша, өндірісте жарақат алуға көбіне жұмыс берушілердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы, жұ­мыс­керлерге еңбек қорғау ере­желері мен шарттары жете таныстырылмайтыны себеп болады.
2015 жылдың басынан бері Астанада осындай 41 қайғылы оқиға тіркеліп, 12 адам қаза тауып, 31-і ауыр жарақат алған.
Дегенмен, бақылау-қадағалау шараларын уақтылы жүргізудің арқасында биыл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қайғылы оқиғалардың саны 40%-ға төмендеген. Соның ішінде өлімге душар ететін қай­ғылы оқиғалардың саны 44%-ға азайған.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік талабын қатаң бұзғаны үшін 17 құрылыс нысаны тоқтатылып, материалы сотқа жолданды.
Өндірісте жарақаттанудың алдын алып, жарақаттанушылар санын төмендету мақсатында кеңесте құрылыс ұйымдарының басшылары мен инженерлік қызметкерлер құрамына бақы­лауды күшейту, өндірістік тәр­тіпті сақтау және еңбек ереже­лерін мүлтіксіз орындау жөнінде қатаң ескертілді.

Сағи ОРАЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button