Жаңалықтар

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ



Antikor ortalyǵy алаңында «Самұрық-Энерго» АҚ жеке құрамымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин «Комплаенс қызметінің негізгі функциялары – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, іскерлік этика кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер» туралы баяндамасы тыңдалды.

Кездесу барысында спикер комплаенс қызметінің міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Protecting Business and Investments жобасы шеңберіндегі жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда 60-тан астам комплаенс қызметін енгізген ұйым бар. Бұдан басқа, жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер іске қосылған.

Квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу жөніндегі міндет заңнамалық деңгейде енгізілген және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздеп отыр. Елордада осы бағыттағы жұмыс әлі жалғасатын болады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button