Ел тынысы

«Орталық Азия + Жапония»



Бүгін Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» диалогының Аға лауазымды тұлғаларының 16-шы отырысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ол туралы кеше СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифинг кезінде хабарлаған болатын.

«Орталық Азия + Жапония» диалогының Аға лауазымды тұлғаларының кезекті отырысына Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев төрағалық етпек. Іс-шараға Орталық Азия елдері мен Жапония сыртқы саяси ведомстволарының басшылығы қатысады.

Іс-шараға қатысушылар биылғы жазда Астанада өтетін «Орталық Азия + Жапония» диалогының алдағы бірінші саммитіне дайындық барысын талқылауды жоспарлап отыр.

«Орталық Азия + Жапония» диалогы – 2004 жылы Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынасты нығайту мен кеңейту бойынша күш-жігерді ұлғайта түсу және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жапонияның бастамасымен құрылған ынтымақтастықтың жаңа пішіні. Бүгінде ОАЖҮ өңірдің ортақ саяси, экономикалық, сонымен қоса, қауіпсіздік мәселелерін талқыға салатын маңызды алаңға айналды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button