Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚТЫҢ АРҚАСЫНДА ОҢАЛДЫ



Шыны керек, қоғамда дәрігерлерге деген әртүрлі сын-пікірлер айтылып жатады. Алайда емделушілердің арасында ақ желеңді абзал жандарға алғысын жаудырып жататын да азаматтар жетерлік. Солардың бірі – жуырда Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында ота жасатқан Мейрам Майлыбаев. Зейнеткер Ақмола облысы Ерейментау ауданынан аталған орталыққа портал арқылы тіркеліп келгенін айтады.

Мейрам Майлыбаев жүре­гіне ота жасаған орталық дәрі­герлерінің шеберлігіне дән риза. Себебі ол қартайған шақта «пышаққа түсудің» психологиялық тұрғыдан оңайға соқпағанын айтып берді.
– Ауданнан Астанаға бет алғанда «бұл қалай болар екен?» деп алаңдаған болатынмын. Өйткені жасым жетпіске жеткенде жүрекке ота жасату қыл көпірден өткеннен бетер қиын екен. Жүрек тұрмақ басқа органға ота жасатсақ та алаңдайтынымыз жасырын емес қой. Бақытыма орай, орталықтың кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Молдабеков бастаған дәрігерлер жан-жақты көмек көрсетті. Әсіресе, өзіме ота жасаған Талғат Есқараев пен Дәулетбек Маратұлына және де емдеуші дәрігер Гүлжайна Лепесоваға алғысым шексіз. Өйткені бірінші Алла, екіншісі осы дәрігерлердің арқасында аман қалдым деп есептеймін. Сондықтан да медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ақ желеңді абзал жандарды құттықтаймын, – дейді зейнеткер.

Серік ЖОЛДАСБАЙ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button