ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ОРТАҚ ЖОБАЛАР ОРТАҒА САЛЫНАДЫ



19-20 қазанда Астанада CRE Central Asia 2017 атты жыл­жы­­майтын мүлік мәселесі бойынша форум болады. Шара әкімдік қолдауымен қалалық Инвестиция және даму басқармасының бастамасымен өткізіледі.

CRE Central Asia 2017 – бизнес өкілдері үшін Орталық Азиядағы коммерциялық және жылжымайтын мүлік мәселелерін талқылауға арналған алаң. Бұдан бұрын елордада коммерциялық жылжымайтын мүліктің апталығы өткізіліп тұратын. Ал қазан айында Еуропа, Азия, ТМД мемлекеттерінен нарық механизмін түсінетін мамандар бір жерге жиналып, пікір алмасып, ортақ жобаларды талқылайды.

Тәуелсіздік сарайында өтетін форумға Бішкек, Ташкент, Ашхабад, Душанбе, Қазан, Омбы облысы, Уфа, Баку, Екатеринбург, Новосібір, Тбилиси қалаларының басшылары қатысып, Қазақстан тарапынан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахимов және Астана әкімі Әсет Исекешев қатысады деп жоспарлануда. Олар қалалар инфрақұрылымының дамуы мен инвестициялық тартымдылығын сөз етіп, өзара тәжірибе алмасады.

Гүлдана Талғатқызы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button