Жаңалықтар

ӨСІМ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ



b74f76cf76984d1891bb65daa15fca70

2015 жылдың І жарты­жылдығында қаланың орта және ірі өнеркәсіп кәсіпорындары 99,4 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 81,2 пайызына тең. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі индексі өткен жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда 119,3 пайыз­ға жоғары болып отыр.

Орта және ірі өнеркәсіп кәсіп­орын­дарының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 78,2% немесе 70,8 млрд теңге. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 89,6% немесе 25,0 млрд теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 91,2% немесе 3,6 млрд теңгеге жетті.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлем индексі ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 2014 жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда 127,5 пайызға артып, нақты көлем индексінің өсіміне негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру елеулі әсер етті.
Сондай-ақ, тазартылған алтын – 3 есе, пластмасса есіктер, терезелер, есік пен терезе қораптары, есік босағалары – 2,3 есе, металл есіктер мен есік босағалары, терезелер мен олардың жақтаулары – 1,9 есеге, пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер 28 пайызға, бетоннан, гипс пен цементтен жасалған бұйымдар – 16,6 пайызға, бекітпе бұйымдар, кесілген бұрандасы бар бұйымдар – 17,3 пайызға, преформалар өндірісі 9,6 пайызға өсті.

Жұма ҒАЗИЕВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button