Басты ақпарат

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ



SUL_4219

Кеше Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Отан – отбасынан басталады» атты мерекелік кеш өтті. Алдағы жексенбіде аталып өтілетін «Отбасы күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты шараны ашқан Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев егемен еліміздің өсіп-өркендеуі әрбір шаңырақтағы тәлім-тәрбиеге, игі дәстүрлерге байланысты екенін айтты.

Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған рухани-сазды шараға түрлі салада табысқа жеткен танымал отбасылар қатысты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы, сатирик-жазушы Табыл Құлияс, ақын Ықылас Ожайұлы, әншілер Медет Салықов және Медет Шәйкелов отбасылық өмір, бала тәрбиесіне қатысты өз тәжірибелерін ортаға салды. Алматы облыстық филармониясының бишілері Бекзат Ақияр мен Гүлжан Әсеттің жанұялық жарасымы олардың әдемі биінен көрінді. Ал, Медет Шәйкеловтің отбасы ертегі желісімен қойылым қойып, жиналған жұртты риза етті. Қазақша білім алатын Дмитрий Тен, Ангелина Зотке, Алена Ким, Павел және Даниал Козылов сынды өзге ұлт өкілдері ән-биімен кеш көрігін қыздыра түсті. Шара барысында сахнаға шыққан әрбір жанұяға қызықты, тосын сұрақтар қойылды. Осылайша, ел алдында жүрген жанұялардың өнегелі өмірі көрермендерге ой салды.

Роза ӘРЕН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button