Жаңалықтар

ПАЛАУ МЕН БАУЫРСАҚ



«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында Астана күні мерекесіне арналған «Палау» фестивалі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шараға этномәдени бірлестіктер атсалысты.

Тойшыл қауымға «Хан палау», «Самарқан палауы» сияқты палаудың бірнеше түрі ұсынылды. Бұл күні жалпы алғанда осы тағам түрінің 600 келісі пісірілді. Бұған қоса, шелпек, бауырсақ таратылды. Ал сахнада әртүрлі этнос өкілдері ән салып, би билеп, халықтың көңілін көтерді.

Этномәдени бірлес­тіктердің концерті ке­зін­де «Қайырымды ел» рес­пуб­ликалық шарасы шеңберінде жағдайы төмен отбасыларға 40 кілем табысталды.«Қазақстанда қаншама этностар бірлікте, татулықта өмір сүріп жатыр. Осы бәріміз «ЭКСПО» сияқты айтулы жаһандық шараға үлес қоспай тұра алмадық. Ал Астана – Қазақ­станның астанасы ғана емес, баршамыз тұрып жатқан әсем қала. Сондықтан шаһар ме­ре­кесіне де үн қосуды жөн көрдік. «Палау» фес­тивалін ұйымдас­тырудағы мақсатымыздың бірі – бірлігімізді, татулығымызды әлем халқы көрсін дедік. Өзбек этномәдени орталығынан осы шараға 100 адам атсалысты. Олардың арасында аспаздар, өнерпаздар бар» дейді өзбек этномәдени орталығының өкілі Хасан Шарипов.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button