Елорда тынысы

Полиция қызметкерлеріне пәтер берілді



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қалалық Полиция департаментінің 25 жылдығына арналған салтанатты концертке қатысып, тәртіп сақшыларын құттықтады.

Қала басшысы өз сөзінде бүгінде полиция қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалып жатқанын, биыл 2500 полиция қызметкерінің жалақысы 30 пайызға өскенін атап өтті. Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы айтарлықтай жақсарғанын, қазіргі заманғы құралдар мен техниканың арқасында полиция мобильді болып, қылмыспен тиімді күресіп жатқанын айтты. Жеңіс Қасымбек қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларына алғыс айтып, полиция қызметкерлеріне пәтерлер кілтін табыс етті.

Ішкі істер министрінің орынба­сары, полиция генерал-майоры Ержан ­Сәденов министр Марат Ахметжанов­тың құттықтауын жеткізді.


Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button