Елорда тынысы

Президент бағыты түбегейлі жаңғыртуды көздейді



Францияның халықаралық геосаясатқа арналған L`Essentiel des relations internationales басылымында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің «Қазақстанның жасампаз күн тәртібі» деп аталатын мақаласы жарияланды.

Ерлан Қарин мақаласында өткен жылдың ішіндегі Қазақстан дамуының кейбір қорытындыларын айтады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуды көздейтін бағытты мүлтіксіз жүргізіп келеді. 2023 жыл да ерекше болды және ол Қазақстан үшін реформалар аясында өтіп барады. Саясаттағы және экономикадағы президенттік реформалардың логикасы олардың үйлесімділігіне негізделген. Әр реформа, жаңа бастама бірін-бірі толықтыратын жүйелі сипатқа ие. Және де президенттік бағыттың барлық бағдары – саясат, экономика және идеология – бүкілі бірге елді жаңғыртудың бірегей бағдарламасын құрайды. Реформа процесінің маңызды ерекшелігі – қоғамның реформа бағытын қолдауы саналады. Бұған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы септігін тигізеді. Оны Қасым-Жомарт Тоқаев сонау 2019 жылы, өзінің президенттігі басталған кезеңде қалыптастырған болатын. Басты ұстаным ел дамуының барлық негізгі мәселелерінде қоғамдық пікірді ескере отырып, теңгерімді, шоғырландырылған шешім қабылдауға негізделген. Бұл диалог және ымыра арқылы билік пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделін қалыптастырды» деп атап өтеді Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button