Руханият

Қадір түніндегі қайырымдылық



Қайырымдылық жасау – имандылықтың бір белгісі. Адам­гер­шілікті жоғары қоятын біздің қоғам­да қайырымдылық ­жасау өмір заңына айналған. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза кезінде жүзеге асып жатқан сондай бір жарқын шараның бірі – жетім-жесірлер мен кембағал жандарға көмектесу.

555555

Қадір түні қарсаңында Л.Н.Гуми­лев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, Астана қаласы мәс­ли­хатының депутаты Ерлан Сыды­қовтың қолдауымен Астана қаласындағы №14 сайлау округы аумағында көпшілікке тағылым болар­лық қайырымдылық шарасы өтті. «Ата дәстүрімізден келе жатқан ізгі амал, сауапты қадамның қашанда өмірде алар орны ерекше, соны ұс­танып, өміршең ету – бізге парыз» деген халық қалаулысы қала тұрғыны, ДЦП сырқатына шалдыққан Оралханова Нүрзия Еркінжанқызына қаржылай және заттай көмек қолын созды.

Нүрзия Еркінжанқызы 2005 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Туғаннан кейін арада 3 ай уақыт өтпей ДЦП сырқатына шалдыққан ол қазіргі таңда көп балалы отбасында тұрып жатыр. Ал анасы Зейнегүл Тоғжанова бес баланы пәтер жалдап тәрбиелеуде.

Қамкөңіл баламен жүздесуде халық қалаулысының көмек­шісі Заңғар Орманша ректор атынан ең ізгі тілектерін білдіріп, салтанатты түрде сыйлықтар тапсырды. Қаржы-қаражат, киім-кешек, кітаптар берілді.

Нүрзия халық қалаулы­сының берген сыйлықтарына дән риза болып, шынайы алғысын білдірді. Шаттан­ғанын көрсеңіз! Жүздесу соңында сыйлыққа ие болған балақай мәз болып, ән салды. Қазақтың салты бойынша арнайы келген қонаққа дастарқан жайып, ризашылықтарын білдірді.«Бар жақсылық – бала­ларға» демекші, ел ертеңін тізгіндейтін ұрпаққа қам­қорлық жасау, демеу көрсету – аза­маттықтың жарқын кө­рінісі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button