Қала мен Сала

Қай жерде екен сырғанақ?



Бас қалада балаларға арналған сырғанақ, мұз айдыны, шаңғы трассасы көп ашылды. Қысқы демалысты ұйымдастыру аясында қаланың барлық ауданында арнайы орындар белгіленді.

Алматы ауданында қысқы демалыс орындары «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, Триатлон паркінде, Президент саябағында (шаңғы трассалары да), Ақбұлақ өзенінің жағасында ұйымдастырылады.

Аудан тұрғындарын барынша қамту мақсатында қосымша 4 елді мекенде де жоспарланған: «Железнодорожный», «Интернациональный», «Мичурин», «Күйгенжар». Сол сияқты 3 мектептің аумағында және «Железнодорожный» елді мекенінде 4 хоккей корты ашылған.

Сонымен қатар сырғанақтар «Отау», «Сарайшық» сынды шағын аудандарда да бар. Сондай-ақ «Нұрлы жол» теміржол вокзалының аумағында да сырғанақ ашылды.

Өткен жылдың соңында Байқоңыр ауданына сырғанақ, мұз айдыны мен 5 мұз қалашығын салу жоспарланған еді. Қазір олар түгелдей пайдалануға берілді. Атап айтсақ

– Жастар сарайы;

– К.Ататүрік атындағы саябақ;

– Жазушылар аллеясы (Абай даңғылы);

– «Өндіріс» елді мекені (Ақбидай және Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы);

– «Кирпичный» елді мекені (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы);

– «Казгородок» елді мекені (Досмұхамедұлы көшесіндегі 4, 6, 8, 10, 12-үйлердің ауласы).

Сарыарқа ауданында мұз айдындары мен сырғанақтарды абаттандыру жоспарланып отыр:

– қалалық алаң;

– Есіл өзенінің жағалауы;

– А.Герцен-Оқжетпес көшелерінің қиылысы;

– «Көктал» саябағы.

Есіл ауданында сырғанақ пен мұз айдыны мынадай орындарда орналасады:

– «Алау» СК мұз айдыны;

– «My car» автоорталығы – биіктігі 3 м болатын балалар мұз сырғанағы;

– «Азия парк» СОО және «Ailand».

Демек, бас қалада балалардың сырғанақ теуіп көңіл көтеруіне барлық мүмкіндік жасалған. Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік мәселелері де ескерілген. Ал бағасына келсек, сырғанақ ойнау тегін, тек сырғанақ тебетін дөңгелек, мотоциклдерге ғана ақы төлейсіз. Атап айтқанда, дөңгелектерді бір сағатқа жалдау ақысы 1000 теңге болса, қар бетінде жүретін мотоциклдердің сағаттық жалдау ақысы – 2000-3000 теңге шамасында. Ал мұз шаңғы аяқ киімдерінің сағаттық жалдау құны – 1000-1500 теңге.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button