Жаңалықтар

Қайырымдылар қатары көбейді



Жуырда «Бауыржан» қа­­йы­­рым­­ды­­лық қорының ұйымдас­ты­­­­руымен «Қазақстандағы қайы­рым­­дылық: бизнес және қайырым­ды­лық» атты ІV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Онда қа­­йы­­рымдылық пен корпоративтік әлеу­­меттік жауапкершілік (КӘЖ) дегенді біз қалай түсініп жүрміз, шағын, орта немесе ірі бизнес өкілдерінің КӘЖ мәселелеріне көзқарасы қалай деген секілді сауалдарға жауап ізделді.

Жиынды «Нұр Отан» ХДП Төра­­ға­­сының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті Исламбек Салжанов ашып берген. Одан әрі Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева, «Сандж» зерттеу орталығының директоры Жанар Жандосова, Украинадан келген ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты дамуды стратегиялық жос­парлау маманы Ростислав Куринько, «The Brookfield Group» холдингінің төрағасы Джейк Хейман мен ЮНИСЕФ ұйымының өкілдері қызу талқы алаңына айналдырды.

Шара барысында «КӘЖ көшбас­шы­лары» атты фотоэкспозиция ұйым­­дас­­тырылған. Осының аясында «Бауыржан» қайырымдылық қорының «Қайырымдылық қорын қалай ашып, оны қалай табысты қылуға болады?» атты кітабының тұсаукесер рәсімі де өтті.

Конференцияға Парламент Мәжі­­лі­­сінің депутаты, Халық Қа­­һар­­маны, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев та келіп қатысқан. Оның бұл күнде ауған соғысына қатысушылар мен Қарулы күштерде қызмет еткен ардагер азаматтардың құқын қорғап, жастарды патриоттық рухқа баулитын «Ер Батыр» атты патриоттық қор құрып, «Батыр» атты республикалық қоғамдық-патриоттық журналдың алғашқы нөмірін жарыққа шығарып үлгергені мәлім болды.

Еркежан СӘТІМБЕК




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button