Ел тынысы

Қалалық архивте «Мемлекеттік тілдің тағылымы мен мәртебесі» тақырыбында кездесу өтті



Бүгін елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының мемлекеттік архивінде «Мемлекеттік тілдің тағылымы мен мәртебесі» тақырыбында тіл жанашыры, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызымен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараның негізгі мақсаты- мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен күнделікті өмірдегі қолданысын кеңейтіп, ҚР Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын дамыту жолындағы іс-шараларды ұйымдастыру.

Кездесу барысында Оразкүл Асанғазықызы мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті әкімшілік қызметтері барысында қазақ тілінің қолданылу аясының жоғары деңгейде болуы, сонымен бірге ресми іс-қағаздарының мемлекеттік тілде толтырылуының үлкен маңызы бар екенін жіктеп тұрып айтты. Сондай-ақ мемлекеттік тілде сөйлеу отбасынан бастау алып, өзіміз қызмет ететін жұмыс орнында, қоғамдық орындарда асқан жауапкершілікпен атқарылуы керектігін, ана тілімізді сүюді, Отанымызды, туған жерді сүюге деген отансүйгіштікті үлкен жүрекпен, шынайы ниетпен байланыстыру, бұл істе әр азаматтың өзінен бастап табандылық таныту керектігін ерекше атап айтты.

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button