Жаңалықтар

«Қара алтын» қымбаттады



Әлемдік нарықта мұнай қымбаттады. Кеше ICE биржасында брент маркалы мұнайдың баррелі 67 доллардан асты. Осылайша 19 тамыздан бері алғаш рет 3,2 пайызға көтерілді. Ал америкалық WTI маркасы 64 доллардан сәл асты. Сарапшылар баға әлі де құбылады деп санайды.

Дегенмен мұнай бағасы төмендеуі мүмкін. Өйткені коронавирустың таралуына байланысты көптеген елде шектеу шаралары күшейіп жатыр. Әсіресе шикізатты көп алатын Қытайда карантин талаптары күшейген. Бұған қоса, кейінгі аптада АҚШ-тың мұнай компаниялары бұрғы қондыр­ғыларының санын көбейтіп, өндірісті тәулігіне 11,4 миллион баррельге көбейтті. Сондықтан трейдер­лер сұраныс азаяды деген қауіппен қордағы мұнайынан құтылуға тырысып жатыр.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button