Елорда тынысы

Қарғын суға дайындық басталды



Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Сарыарқа ауданының тұрғындарына су тасқыны туралы ақпарат берілді.

Түсіндіру жұмысын аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Іс-шараға еріктілер де қатысты.

«Тұрғындар арасында біз үй маңындағы аумақты қардан уақытылы тазарту, мұздан және қоқыстан тазарту, қажет болған жағдайда ағынды суларға жаңа су бұрғыштар жасау қажеттігі туралы түсіндірме парақшалар таратамыз. Онда қарғын судан қауіп төнген жағдайда орындауы керек әрекеттер қамтылады» деді Сарыарқа ауданы әкімінің бас инспекторы Нұржан Сәрсенбаев.

Төтенше жағдайлар департаменті қар еріген кезде су тасқыны бірінші кезекте жеке үйлерге қауіп төндіретінін атап өтті. Сондықтан олардың тұрғындарына маңызды құжаттарды алдын ала жинап, жертөлелерден азық-түлік алып, бағалы заттарды жоғарғы қабаттарға немесе шатырға көшіру ұсынылады.

Айта кетейік, 15 ақпанда Сарыарқа ауданында қыс бойы жауған қарды жаппай күреу және елді мекендердегі арық-науа желісін тазарту басталады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button