Руханият

Қастеевтің қылқаламы



Жақында елордадағы Ұлт­­­тық музей қоры біраз жаңа құнды жәдігерлермен то­лық­ты. Солардың арасынан отандық бейнелеу өнерінің негізін салу­шы, кескіндеме-ші, гра­­фик-суретші, бір сөзбен айт­­қанда, қазақтың біртуар пер­­зенті Әбілхан Қастеевтің қо­­­лының табы қалған қыл­қа­­­­ламы көзімізге жылы ұшы­­­­рады.

Музей қызметкері Ләйла Ноғайбек­қызының айтуынша, биылғы қыр­күйек айында Алматы облысында мұражайға сый тарту акциясы өтеді. Сол айтулы шараға суретшінің қызы Гүлдария Әбілханқызы да қатысып, бас музейге әкесінің көзіндей сақтап жүрген қылқаламды сыйлаған.
Ұлт тарихында тұңғыштар қатарын­да есімі аталатын Әбілхан атамыздың орны бөлек. Алыс ауылдағы тауда қой бағып жүріп, бұрын бабалары кәсіп етпеген бейнелеу өнеріне бейім болған жас өреннің өмір жолы кітаптағыдай ұзақ хикаяларға толы. Қазақ даласына алғаш паровоз дауысын алып келген Түрксіб теміржол құрылысынан басталған жас суретшінің еңбек жолы бірталай белестерге жетеледі. Дарынды жігіттің бойындағы өзгеше қабілетті байқаған сол замандағы қазақ өнерінің жанашыр азаматтары 1929 жылы оны Мәскеудегі көркемсурет студиясына оқуға жібереді. Бұл студия Қастеевтің талантын одан әрі ұштай түсті. Осындағы бейнелеу өнерінің білгірлері Хлудов пен Бродскийден дәріс алады. Суретшіліктің қыр-сырын меңгереді. Енді Әбілхан атамыз елімізге Мәскеу көрген, ондағы ғажайып өнердің тылсым құпиясын меңгерген кәсіби қылқалам шебері болып оралып, Қазақстандағы бұрын болмаған жаңаша өнерге жол салды. Үлкен бір ұлттық мектеп қалыптастырды. Одан қаншама талантты буын өсіп шықты.
Көрнекті тұлғаның біз сөз етіп отырған қылқаламынан қазақ өмірінің алуан көріністерін шынайы бедерлеген мыңнан астам туындылар туды.
Әсіресе, суретшінің «Түрксіб», «Аманкелді сарбаздары», «Мектеп», «Жас Абай», «Гүл ашқан алма», «Жамбылдың портреті», «Менің Отаным» және т.б. картиналары шынайы табиғилығымен ерекшеленеді.
Қалай айтсақ та, қазақтың бейнелеу өнерінің атасы аталған Қастеев қылқаламы – халқымыз үшін баға жетпес құнды жәдігердің бірі.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button