ЖаңалықтарҚоғам

ҚАТЕР ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?



Жыл басынан бері елорда аумағында орын алған 38 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан 58 адам зардап шегіп, оның ішінде 9 адам көз жұмған.

Қала аумағында 387 мәрте от тұтанып, өрт шыққан. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12 пайызға көбейіп, одан келген материалдық шығын 64 миллион 387 теңгені құрап отыр. Өрт сөндірушілер бір адамды құтқара алмаса да, 408 миллион теңгені құрайтын мүлік-мүкәммалды сақтап қала алды. Тілсіз жау көбіне тұрғын үй секторларынан шығып, 96 жағдайда көлік өртеніпті.

Жаздың құрғақ әрі ыстық болуы да өрт сөндірушілерге қолайсыздық туғызып отыр. Осы кезеңге дейін жалпы көлемі 153 мың шаршы метрді алатын жер-жерлердегі қураған қамыс пен шөп өртке оранып, 219 мәрте тосқауыл болған.

Жедел-құтқару жасағы және Жергі­лікті полиция қызметімен күнделікті бірлескен патрульдеу және ТЖД қыз­меткерлері тарапынан жүргізілетін рейдтерге қарамастан, тұрғындар суға шомылу ережелерін сақтамай, бастарын қатерге тігеді.

Атап айтқанда, рұқсат етілмеген жерлерге шомылып, балаларды қарау­сыз қалдырып, мас күйінде суға түсу жағдайы жиі кездеседі. Астаналықтар үшін рұқсат етілген үш су айдыны бар. Ол Орталық жағажай, «Үш теңгебалық» және «Астаналық аула» демалыс орындарындағы жағажайлар. Одан басқа елорда аумағында 15-ке тарта су айдыны болса да оларды шомылуға абаттандырып, бейімдемеген себепті тыйым салынып, белгілерін орнатқан. Бүгінгі күнге дейін 12 адам суға батып кеткен. Су айдынындағы адам қазасының негізгі себептері – қауіпсіздік ережелерін елемей, рұқсат етілмеген қауіпті жерлерге мас күйінде суға түсу және суда құтқару қызметінің бақылауынан тыс жерлерді жағалайтынында болып отыр.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button