Ел тынысы

Қазақ әйелі Бельгияда депутаттар сайлауына түсуде

Қазақ әйелі, жерлесіміз Назгүл БАЛМҰХАН – Брюссель парламенті депутаттығына үміткер, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz.

Ол осы жексенбіде өтетін Парламент сайлауына, Бельгияның ашық фламандтық либералдар және демократтар партиясының атынан түсіп, бақ сынамақ.

Қарағандының тумасы 90-жылдардың басында жұмыс бабымен Бельгияға барып, сол жерде отбасын құрған. Екі баланың анасы. Брюссельдегі сотта орыс, ағылшын, француз, нидерланд тілдерінен тәржімалайтын аудармашы. Қазір партияластарымен бірге саяси науқанға қызу дайындық үстінде.

– Брюссель парламентіне өтіп жатсам сайлаушылардың күнделікті тұрмысын жақсарту үшін көп іс атқарар едім. Сондай-ақ мен Брюссель мен Астананың, Бельгия мен Қазақстанның парламенттік делегацияларының арасындағы достық қатынасты дамытуға бар күш-жігерімді саламын. Және екі ел азаматтарының байланысын нығайтуға тырысамын, – дейді Бельгияның ашық фламандтық либералдар мен демократтар партиясының мүшесі Назгүл Балмұхан.

– Назгүл Балмұхан адамдарды сендіруге мықты. Егер ол бір істі бастаса, соңына дейін жеткізбей, тынбайды. Ол күні бойы үйді-үйді аралап, пошта жәшіктеріне ақпараттарды салып, сайлаушылардың сеніміне ие болуға тырысып жүр. Ол қазақ қоғамы, Брюссель қоғамы үшін аянбай еңбектенеді. Сондықтан, ол – лайықты кандидат, – дейді Свен ГАТЦ, Брюссельдің қаржы және бюджет министрі, “Open vld” партиясының мүшесі.

Дереккөз: https://qazaqstan.tv/news/194872/

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button