Жаңалықтар

ҚАЗАҚ АКТЕРЛЕРІ – ГОЛЛИВУДТА



Қазақстанның «Nomad Stunts» каскадерлері танымал америкалық актер Сэмюэл Л.Джексонмен бірге «Киллер кодексі» фильміне түсті.

Голливудтың «Киллер кодексі» фильмі әлемдік прокатқа шыққан. Онда басты рөлдерді Сэмюэл Лерой Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Сонымен қатар фильмді түсіру жұмысына «Nomad Stunts» тобындағы қазақстандық каскадерлер де жұмылдырылған. Олар тек экшнге ғана жұмылдырылмай, қиын эпизодтарда басты кейіпкерлер рөлін сомдады. Сонымен қатар эпизодтық сахналарға актер ретінде де қатысқан.

Қазақстандық актерлер бандиттердің, босқындар мен оққағарлардың, шекарашылар мен бейбіт тұрғындардың рөлінде ойнады. Туынды режиссері – «Рояль казиносы», «Зорро маскасы», «Жатжұрттық» сынды фильмдермен жұмыс істеген Мартин Кэмпбелл. Түсірілім жұмыстары Румынияда өткен.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button