«Қазақконцерт» әртістері Парижде өнер көрсетті
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/03/befb4ec5-86db-4778-ac82-a9d99e04fd43-780x470.jpg)
Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Париждегі (Франция) ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің шақыруымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйым әртістері Парижде өнер көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Еліміздің мәдениетін «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова және «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі, жетігенші Әйгерім Елемес таныстырды. 19 наурызда ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Ауғанстан, Әзірбайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Үндістан сияқты 12 ел өкілдерінің қатысуымен Наурыз мейрамы өтті. Мерекелік іс-шарада Әйгерім Елемес пен Перизат Тұрарова М.Ержановтың «Сайра, бұлбұл», Н.Тілендиевтің «Аққу» және Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» шығармаларын орындады.
Іс-шараға Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті, ЮНЕСКО жанындағы түркі тілдес елдердің тұрақты өкілдері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың бас х