Әлеумет

Квазимемлекеттік секторды реформалау керек

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор 6 мыңға жуық кәсіпорындарымен ұсынылған, 300 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған. Мемлекет экономиканың 30 секторының 20-на қатысады, Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымдары (ОЭСР) елдерінде орташа көрсеткіш – 13 құрайды. Қазақстанда Yellow Pages қағидаттары сақталмайды, бұл жеке кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етеді, инновацияларды тежейді және еңбек өнімділігінің өсуін төмендетеді, нәтижесінде болашақта экономиканың дамуы бәсеңдетіледі.

Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік автобус парктері, микроқаржы ұйымдары, аумақтарды тазалау және абаттандыру ұйымдары, қонақ үйлер мен санаторийлер, күзет агенттіктері бар, олар өз қызметіне тікелей тапсырыстар мен субсидиялар алады! Мысалы, 2024 жылы «Қызылорда электр желісін тарату компаниясы» коммуналдық кәсіпорны құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша Мемлекеттік сатып алу шеңберінде жеке бәсекелестер бола тұра, 1 млрд. теңгеден астам сомаға 300 келісімшартты алған! «Алматыэлектротранс» – Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық кәсіпорны 2018-2023 жылдары аралығында бюджеттен 378 млрд теңге көлемінде субсидия және көмек алды. Қаржы лизингі нарығының 95%-ы екі квазимемлекеттік ұйымына тиесілі. Қазақстан жаппай жеке кәсіпкерлікті дамыту жолымен жүріп жатыр ма, әлде біз мемлекеттік капитализмді құруды жалғастыра береміз бе, нақты шешім қабылдау керек? Нарықтық экономика мемлекет жеке бизнеспен бәсекелесуді тоқтатқан жағдайда ғана мүмкін болады. «Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік секторды реформалау жөніндегі талдамалық баяндаманы және оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 654 қаулысымен бекітілген құжат орындалмады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 654 қаулысымен бекітілген квазимемлекеттік секторды реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісуді; 2.

Жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік компанияларға толық ревизия және талдау жүргізуді. Олардың мақсаттары мен міндеттерін қайта қарауды. Біртекті квазимемлекеттік компанияларды реформалау және біріктіру, қайталанатындарды жоюды; 3. Мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін қайта қарауды. Жеке баламалар болмаған кезде мемлекеттің тек әлеуметтік объектілерге (Денсаулық сақтау, коммуналдық қызметтер) және стратегиялық объектілерге (инфрақұрылымдық объектілер, энергетика, көлік) қатысу мүмкіндігін қалдыруды. Барлық басқа объектілерді жекешелендіру жоспарына енгізуді; 4. Осы қызметті цифрландыру және оларды жариялау арқылы жекешелендіру рәсімінің толық ашықтығын қамтамасыз етуді; 5. Квазимемлекеттік компаниялардың қызметінде корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін қолдануды. Квазимемлекеттік компаниялардың басқарушы органдары басшыларының конкурстық іріктеуінің, сыйақысының және есептілігінің нақты критерийлерін бекітуді. Тиісті ассоциация негізінде квазимемлекеттік компаниялар үшін тәуелсіз директорлар тізілімін құруды ұсынамыз.

Айтуар Қошмамбетов,

Мәжіліс депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button