Әлеумет

Гуманитарлық көмек жалғасуда

Тасқын судан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелту жалғасуда. Бұл іске қоғамдық ұйымдар да өзіндік үлесін қосып жатыр.

Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысының Бұланды ауданына 10 тонна көмек жеткізді. Қоғамдық бірлестік басқармасының көмек көрсету жөніндегі бастамасын ұйым мүшелері бірауыздан қолдады. Астаналық «ауғандық» ардагерлер бір апта ішінде азық-түлік және күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жинады. Сондай-ақ қаржылай көмек берушілер де болды.

«Біздің ардагерлер елімізде орын алып жатқан қиын жағдайға бей-жай қарай алмады. Бір апта ішінде 10 мың тоннадан аса гуманитарлық көмек жинап үлгердік. 100 қап ұн, 100 қап пияз, 100 литр сұйық май және басқа да азық-түлікпен қатар, төсек жабдықтары, гигиена заттары жиналды. Барлық көмекті Бұланды ауданындағы штабқа тапсырдық. Біз осылайша халықпен бірге екенімізді, еліміздің басына түскен қиындықты бөліскіміз келді» дейді Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ҚБ төрағасы Мейрамбек Төлекпаев.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button