Шаһар шежіресі

Қазаққа серпін берген жастар ұйымы

Мәскеуде оқып жүрген қазақстандық жастар ұйымы 1965 жылғы жазғы демалысын Тың өлкесінің Целиноград, Қостанай облыс­тарына арнады.

Шілде айының басында Целиноградта концерт қойған «Жас тұлпардың» мақсатын концерт алдында тыңдаушы­ларына осы ұйымның жетек­шісі Мұрат Мұхтарұлы Әуезов: «Жас тұлпар» ауылға мәдениетіміздің жаңалығын жеткізуді мақсат етеді. Ол халық өнерінің жаңарта, құлпырта жаңғыртқан бейнесін апарып таныстырады» деп түсіндірді.

«Жас тұлпардың» лекторлары студенттер Мақаш Тәтімов, Мұрат Әуезов, Қасымбек Әлменов, Болатхан Тайжанов әр түрлі тақырыпта лекция оқыды.

Концертте Марат Балта­баевтың өңдеуінде «Қамажай» әні, қазақ әндері тақырыбына жазған попурриі өзі басқаратын квинтеттің орындауында өте тартымды шықты.

Сахнада «Қайықта» әнін тамылжыта орындаған ең жас әнші Алма Қожахметова он жылдықты енді ғана бітірген павлодарлық жас талап екен. «Жас тұлпардың» бір жақсы дәстүрі ел аралап жүргенде кездескен талантты жастарды байқай жүріп, кейіннен Мәскеу консерваториясына, басқа да өнер институттарына қабылдатады екен.

Бұдан соң мәскеулік жас түлектер концертін Целиноград облысының Қорғалжын, Державин, Қостанай облысының оңтүстіктегі аудандарының шалғайдағы ауыл тұрғындары тамашалады.

 Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button