Ел тынысы

Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа 15 жыл



Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы және жаһандық істер жөніндегі жаңадан тағайындалған Мемлекеттік хатшысы Диего Мартинеспен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар бойынша ортақ жұмыс жоспарына көз жүгіртіп, сондай-ақ Қазақстанда түрлі салаларда іске асырылып жатқан реформалар мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сұхбаттастар Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімнің 15 жылдығы аясында жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға өзара ниеттерін білдірді.

Осы тұрғыда тараптар Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбарестің Қазақстанға жоспарланған ресми сапарын, сондай-ақ қазақстандық министрліктер мен ведомстволар басшыларының Испанияға сапарларын талқылады.

Елші Мемлекеттік хатшыға Министр Х. Альбарестің атына Астана халықаралық форумына шақыруды жеке табыстады. Д. Мұсаев әлемнің түкпір-түкпірінен саяси қайраткерлер мен жетекші сарапшылар қатысатын шараның мақсаты мен сипатына тоқталды.

Өз кезегінде Д. Мартинес Елшіге мазмұнды кездесу үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси реформаларды толық қолдайтынын білдірді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button