Құқық

Астанадағы дәмханада келушілерге есірткі сатқан күдікті ұсталды

Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан.

“Тосқауыл” ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button