Басты ақпарат

Қазақстан Қытай қарым-қатынасы нығаяды



Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысты және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқыды. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөздер өткізді.

«Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысты. Сонымен қатар бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасады. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады.
Осыған орай біз бүгін саясаткер Ермұхамед Ертісбаевтың Қазақстан-Қытай қатынастары туралы ой толғанысын жариялап отырмыз.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button