Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫ) 7-ШІ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН КИЛОГРАМДЫҚ АЛТЫН МОНЕТАНЫ САТАДЫ



номиналы – 50000 теңге 2011 жылғы 27 қаңтарда айналысқа шығарылды

23

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 1000 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Сол жақ бөлігінде қар ұшқындарымен қоршалған «Көк тәңірі» петроглифінің стильдендірілген бейнесі салынған. Төменгі бөлігінде шаңғының ізі және монета соғылған жылды білдіретін «2010» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕС­ПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген күң­гірттелген мұз үстінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі ор­на­ластырылған. Сурет қысқы спорт түрінің идеограммаларымен қоршалған. Айналдыра мемлекеттік тілде «7-ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ», ағылшын тілінде «7th ASIAN WINTER GAMES» деген жазулар және шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан дайындалған, массасы 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы – 145 дана.

Қымбат металдан жасалған монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалында (Астана қаласы) сатып алуға болатындығын хабарлайды. Мекенжайымыз – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй. Сонымен бірге, коллекциялық және инвестициялық монеталардың бар болуы жөніндегі ақпаратты мына телефондар

70-33-54, 70-33-78 немесе интернет-ресурста www. nationalbank.кz арқылы алуға болады.

ҚРҰБ Орталық филиалы
(Астана қаласы)




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button