Ел тынысы

Қазақстанда «Отаным, саған мың алғыс!» челленджіне 2,5 млн оқушы қатысты



Алғыс айту күніне орай еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Отаным, саған мың алғыс!» челленджі өтті. Іс-шараға 2,5 миллионға жуық оқушы, 20 мыңға жуық колледж студенттері, 250 мың педагог және 50 мың ата-ана қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Мақсаты – патриотизмге тәрбиелеу, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілікті, еңбексүйгіштікті насихаттау, оқуға, еңбекке баулу. Табиғатқа, қоршаған ортаға құндылық қатынасын қалыптастыру. Челлендж аясында барлық білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар арасында «Алғыс айту-парызың…», сондай-ақ «Тарих ғибраты» сабақтарының онкүндігі ұйымдастырылды. Осы сабақтар аясында оқушыларға тарихтағы ризашылық мысалдары көрсетілді. «Отаным, саған мың алғыс!» айдарымен жергілікті телеарналар арқылы білім беру ұйымдары дайындаған құттықтаулар көрсетілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button