Жаңалықтар

Қазақстанның барлық өңірінде дауыс беру аяқталды



Бүгін таңғы 7.00-де басталған сайлау еліміздің барлық өңірінде сағат 21.00-де аяқталды. Ал ОСК сайлаушылардың қатысуы туралы қорытынды мәліметті сағат 22.30-да ұсынбақ. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов ОСК брифингі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды. Қазір учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылардың дауыстарын санауға кірісті. ҚР Сайлау туралы конституциялық заңның 43-ші бабы, 3-ші тармағана сәйкес, дауыстарды санау әрбір саяси партия бойынша және әрбір кандидат бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санақ басталғаннан 12 сағаттан аспауы тиіс. Батыс өңірлерінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру жаңа ғана аяқталды», – деді Б.Мелдешов.

ОСК хатшысының айтуынша, шет мемлекеттерде құрылған сайлау учаскелерінің көпшілігінде дауыс беру әлі аяқталған жоқ. Дауыс беру 65 учаскенің 47-сінде жалғасып жатыр. Сайлаушылардың келу қорытындылары туралы алдын ала деректерді ОСК сағат 22.30 ұсынуды жоспарлап отыр.

astana-akshamy.kz




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button