Мәдениет

Қилы тарих тамыршысы



Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі тарихшы-ғалым, қарымды қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғараұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала өркениеті: тарих, тұлға, тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Сеңгірлі сексен жасқа шалдықпай, абыроймен жетіп отырған айтулы тұлғаның саналы ғұмырының біраз бөлігі халқымыздың терең тарихын зерттеуге арналды. Әсіресе,
кеңестік жылдары жабық та­қырыпқа айналған түркітану саласын кеңірек қаузап, осы бағытта «Алтын тамыр»,
«Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» атты роман-­эссесін жазды. Сондай-ақ өткен ғасыр­дың соңына таман қаламгер Елбасы тапсырмасымен Қытай халық республикасына барып, көрші елдің жазбаларындағы ұлтымыздың тарихына қатыс­ты деректермен жұмыс істеп, оларды елімізге әкеп, отандық тарих ғылымының қазынасын молайтты.
Міне, осылай туған халқына адал қызмет еткен азаматтың мерейтойына арналған конференцияда ғалымдар, қоғам қайраткерлері Салғараұлының тарихи еңбектері мен азаматтық келбеті жайында парасатты ой өрбітті.
Сонымен қатар конференция барысында мерейтой иесіне келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың құттықтаулары оқылды. Халықаралық Түркі академиясы ғалымды түркітану ғылымына қосқан үлесі үшін «Томсен» медалімен марапаттады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button