Қоғам

Қоғамдық диалог – даму мен өркендеу негізі



Қазақстан халқына арналған Жолдаумен оқып-танысқанда, ел дамуының жаңа кезеңдері мен өркендеу өрістеріне жетудің мол мүмкіндіктері байқалды. Әсіресе, Ұлт жоспарын жүзеге асырудың қажеттілігі басты назарға алынады. Заман талабына қатысты мемлекеттік мүдделер, қоғамдық саяси өмірді жаңғырту жайы, экономикалық реформалардың іске асырудың басты қағидаттары алға тартылады.

Бұдан басқа, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату, азаматтық қоғамға қолдау көрсету, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мәніне зор маңыз беріледі. Осы арқылы халықпен тиімді кері байланыс орнату, адамдардың әлеуметтік ахуалына, мұң-мұқтажына назар аудару басты басымдықтар ретінде аталады. Ел бірлігі мен оның әралуандылығы, қоғамдық келісімді нығайту, митингтер туралы заңнаманы жетілдіру, азаматтық қоғам құру жолындағы өкіметтік емес ұйымдардың беделіне мән беріледі. Қалың жұртшылық, жас ұрпақ та бұған үміт-сеніммен қарайды. Ел бірлігі, татулық пен тұтастық – қоғамдық келісімнің қайнар көзі. Ол үшін қоғамдық диалог, халықпен кері байланыс орнату – уақыт талабы.
Сондай-ақ ел өміріндегі маңызды мерекелер мен мерейтойларға айрықша тоқталып, ерекше мін беріледі. Атап айтқанда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары, оны өз деңгейінде, лайықты атап өтумен дәріптеуге ерекше орын беріледі. Оның маңызы, сөз жоқ қазақ тарихы мен руханиятына құрмет. Әрі өркениетіміздің қайнар көзі – білім-ғылым, ақыл-парасатқа ашылған кең өріс екені да анық жайттардың бірі. Ұлт пен оның танымал тұлғаларына деген құрмет пен тағзым екені де терең танылады. Сонымен бірге азаматтардың негізгі құқықтары, әкімшіліктегі әділет құрылымы, браконерлік проблемасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау жүйесін реформалау, табиғи құбылыстар мен техногендік сипаттағы апаттардан қорғау жайы, еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру сынды стратегиялық міндеттер де барынша айқын орын алады.
Қазақстандағы цифрлық экономика, қала мен ауылды дамыту, шағын және орта бизнеске кең өріс ашу, жер ресурстарын тиімді пайдалану, әділетті салық жүйесі, Ұлттық қорды тиімді пайдалану, еңбекақы төлеу деңгейін арттыру, жұмыс берушілерді ынталандыру мәселелері де бүгінгі күні өткір қалпында қалып отыр. Өйткені жер-жаһандағы даму бағыттары мен жетістік нәтижелері, ашық қоғам құру мен цифрлық жүйе мәні, оны жүзеге асырудың тиімді тетіктері осында жатар. Бұған да жіті мән беріп, сергек қараған жөн.
Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңдерін айтқанда бірнеше бағыттарға мән беріледі. Олардың қатарында білім бері сапасын жақсарту, мамандар даярлаудың отандық жүйесі, жас ұрпаққа кәсіби бағыт-бағдар беру саясаты, орта және жоғары білімнің сандық және сапалық қырлары айқындалады. Жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі негізгі назарға алынады. Елдік мұрат, дәстүр мен тарих мәні де тиісінше орын алады. Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайына, еңбекақысына көп көңіл бөлінеді. Отбасы және бала институтын қолдау, бұқаралық спортты дамыту, мәдениет қызметкерлерінің мүмкіндіктерін ескеру, зейнетақы жүйесі, тұрғын үй саясаты, инфроқұрылымды дамыту, заңнама жүйесін зерделеу мен сараптау институтын құру, қоғамдық диалогтың негізі – татулық пен тұрақтылыққа барынша маңыз беру мәселелері кеңінен қозғалады. Асылы, аталған жайттардың бәрі – ел дамуына, ұлттық мұратқа негізделіп, оны өркениет деңгейіне көтеру бағытына арналғаны көңілге қуаныш орнатады. Қысқасы, ел ертеңі мен кемел келешегіне қатысты нақты жұмыстар, маңызды мәселелер, сапалы өзгерістер мәнді де нанымды, жүйелі жеткізіледі. Бұдан сөз жоқ, ел еңсесі көтеріледі. Ұлт мұраты айқындалады. Жасампаздыққа жол ашылады. Жас ұрпақ үлгі-өнеге алады. Көпке керегі де осы.

Жанна ТҰРЫСБЕКОВА,
Л. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университетінің
магистранты




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button