Қоғам

Қоғамдық кеңес жұмысы талқыланды



Елордада «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі: азаматтық қоғаммен байланыс құралдарын өрістету» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және қала әкімдігінің өкілдері қатысқан отырыста 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейінгі қоғамдық кеңес қызметі талқыланды.
Қоғамдық кеңес мүшесі Алтынай Нұр­кееваның айтуынша, зерттеу кезінде кеңестің ресми ресурстарындағы контент-талдауы, отырыстардың хаттамалары, ұсыныстары, сарапшылар сауалнамасы пайдаланылған.
– Біз қызметтің әсерлілігінің бағасын тексердік. Ол тек қоғамдық кеңес мүшелері үшін ғана емес, біздің қайда бағыт алғанымызды көру үшін, олқылықтардың орнын толтыру үшін алдымен қоғамға қажет. Ақпаратты жинау жұмысы жүргізілді. Онда материалдар, құжаттар, отырыстардағы хаттамалар, ұсыныстар қолданылды. Осының арқасында бізге жұмысты жүйелендіруге, хаттамалар мұрағатын жасауға, оларды цифрландыруға мүмкіндік туды. Бүгінде соның бәрін көпшілікке қолжетімді етуді жоспарлап отырмыз, – деді А.Нұркеева.
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде кеңес құрамында 21 адам бар. Сонымен қатар зерттеу кезінде кеңестің демографиялық-гендерлік құрамы мәселесіне де талдау жасалды.
– Өкінішке қарай, қоғамдық кеңесте 20-дан 30-ға дейінгі жастар жоқ деген сын айтылады. Біздің қатарымыздың көбі – елу жастан асқан адамдар. Негізгі санат – 36-40 жас. Егер гендерлік мәселені айтар болсақ, қоғамдық кеңес мүшелерінің 19 пайызын әйелдер құрайды, – деді А.Нұркеева.
Қоғамдық кеңес 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейін 25 отырыс өткізіп, 102 мәселені қараған.
Отырыс барысында қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігі қаралып, кеңес жұмысының алдағы дамуы жайлы ұсыныстар айтылды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button