Жаңалықтар

Бюджеттік адвокация маңызын түсіндірді

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбие­леп отырған аналарға арналған «бюджеттік адвокация» тақырыбында практикалық тренинг өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және СПИД-пен күрес күні аясында өткізілген іс-шараны «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Бұл ұйым ерекше қажеттілігі бар немесе мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетумен айналысады.

«Integrity Astana» коммерциялық емес ұйымының басшысы, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Жанат Нұрғалиев ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналармен адвокациялық қызмет саласындағы өз білімдерімен бөлісті.
– Біз үшін «бюджеттік адвокация» тақырыбы өте маңызды. Себебі кейбір адвокаттардың, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларында кеткен қателіктерін көрдік. Бюджеттердің қалайша және қашан дұрыс пайдаланылмағанын білеміз. Бюджеттік адвокация – бұл нақты адвокация саласы емес, қаржыландыру және қаржыны бақылау саласы. Сондықтан біз спикер ретінде Жанат Нұрғалиевті таңдадық. Ол – экономист, осы тақырыптағы көптеген жарияланымдардың авторы. Бүгінгі тыңдаушылар – осы жолдан өткен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар, – деп түсіндірді «Бақытты шаңырақ» қорының еріктісі Салтанат Ералиева.
«Бюджеттік адвокация» — бұл мақсатты аудитория үшін өткізілген тренингтер сериясындағы сегізінші және соңғы семинар.
Бұған дейін қор «ресурстардың жай-күйі», «әйелдер құқығы», «эмоционалды интеллект», «отбасылық қатынастар», «волонтерлік» және «азаматтық қатысу» тақырыптарында семинарлар өткізген болатын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button