Sport

Онлайн-жүгіру басталды

Кеше елордада «Saryarqa Jugiru» атты онлайн-жарыс басталды. Спорттық іс-шара бір аптаға созылады. Жарысқа www.jgr.kz веб-сайтында 13 желтоқсанға дейін тіркелуге болады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан спорттық іс-шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясы.

Қала әкімі, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерация­сының президенті Алтай Көлгінов, республикалық федерацияның бірінші вице-президенті Эльдар ­Табанов және республикалық федерацияның бас хатшысы Асхат Сейсембек «Saryarqa Jugiru» онлайн-жарысын ұйымдас­тыру, 2022 жылғы Азия чемпионатына дайындық және 2021 жылға арналған жұмыс жоспары мәселелерін алдын ала талқылады.
Онлайн-жарыс бұқаралық спортты дамытуға және пандемия кезінде азаматтардың салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған. Жүгіру қашықтығы – 5 шақырым. Қатысушылар осы қашықтықты бір апта ішінде және бірнеше рет кез келген ыңғайлы уақытта еңсере алады. Жеңімпазды анықтау үшін спортшының ең жақсы уақыты саналады. Ең бастысы – тіркелу және қатысудың барлық шарттарын орындау.
Ол үшін Strava қосымшасында жүгіру көрсеткішін тіркеу керек. Әрі қарай нәтижелер тексеру процедурасынан соң www.jgr.kz сайтында жарияланады.
Сонымен қатар қатысудың маңызды шарттарының бірі – Instagram парақшаңызда жарыс туралы хабарлама жариялау және #saryarkamarathonchallenge іс-шара хештегін, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясының @nsathleticskz, «Jugiru» платформасының @jgr.kz және Сарыарқа ауданы әкімдігінің @saryarka.akimat профильдерін белгілеу.
Көктал-1 тұрғын алабының жаңа саябағында қашықтыққа жүгірген қатысушыларға бірінші орын үшін iPhone 12 беріледі. Екінші және үшінші орындар үшін қаржылай сыйлықтар бар.
Қаланың басқа бөліктерінде жүгірген және Қазақстан Республикасының басқа қалалары мен облыстарында, сондай-ақ республикадан тыс жерлерде тұратын қатысушыларға қаржылай сыйлықтар беріледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және сертификаттармен марапатталады. Егжей-тегжейлі ақпаратты jgr.kz ресми сайтынан білуге болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button