Білім

Басты мәселе – бала қауіпсіздігі

Мектеп ең қауіпсіз орын болуы тиіс

Білім беру ұйымдарында ба­­лалардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мәселесі – басым бағыттың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, мектеп ең қауіпсіз жер болуы тиіс. Бүгінгі таңда қаладағы барлық мемлекеттік білім беру ұйымы автоматты өрт дабылы жүйесіне қосылып, толығымен цифрлық бейнебақылаумен, турникетпен және І санатты лицензиясы бар күзет кәсіпорындарымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ барлық камера мен дабыл түймесі жедел басқару орталығына қосылған.

Басқарма тарапынан білім беру ұйымдарының аумағында және 1 км радиуста кірме жолдар мен ашық кәріз құдықтары (люктер) бойынша мониторинг жүргізілді. 2023-2024 оқу жылының басынан барлық білім беру ұйымында Төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесе отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлер мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша 120 тренинг өтті.

Жаз маусымы басталар алдында аудан әкімдіктерімен, аудандық Төтенше жағдайлар департаменттерімен және Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, ойын алаңдарын, спорт ғимараттарын, ғимараттарды, ашық люктерді, балалардың шомылу орындарын, аттракциондарды және т. б. бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.

2024 жылы ақпан айында әкімдікте білім беру ұйымдарындағы және одан тысқары қауіпсіздік мәселелері бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, прокуратура, Полиция департаменті және басқа да мүдделі органдардың бірлес­кен отырысы өтті. Балалар­дың қауіпсіздік мәселесі қала әкімінің үнемі бақылауында болғандықтан, барлық мүдделі органдарға бірқатар тапсырма берілді:

– Қалалық мектеп психологтарының санын 200-ге (228-ден 428-ге), қорғаншылық және қамқоршылық қызметкерлерінің санын екі есеге арттыру.

Жаз маусымы басталар алдында аудан әкімдіктерімен, аудандық Төтенше жағдайлар департаменттерімен және Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, ойын алаңдарын, спорт ғимараттарын, ғимараттарды, ашық люктерді, балалардың шомылу орындарын, аттракциондарды және т. б. бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі

– Қамқоршылық қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға нашақорлықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балаларға арналған қалалық білім беру ұйымдарының түлектерін интернаттан кейінгі қолдау­ға бағытталған іс-шараларға тарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғыл­маушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу, отбасындағы келеңсіздіктерді ерте анықтау жұмыстары да қамтылған.

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Бүгінде басқарма құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтіп отыр. Тек 2024 жылдың басынан бері профилактикалық кеңестердің 420 отырысы өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 180 пайызға көп (2023 жылы – 1064, 2023 жылдың наурызында – 150).

Қазіргі уақытта ювеналды полиция бөлімшесінде 135 (138) кәмелетке толмаған жасөспірім есепте тұр, бұл 2,2 пайызға төмендегенін көрсетеді, 363 (309) оқушы мектеп есебінде тұр, 17,5 пайызға өсті, бұл білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстардың күшейгенін аңғартады.

Есепке алынған кәмелетке толмағандармен жұмыс жеке жоспар бойынша жүреді. Әрбір мектеп оқушысы мен колледж студентіне әлеуметтік портрет жасалды.

Барлық жалпы білім беретін мектепте қосымша білім беру ұйымдарының 135 филиалы жұмыс істейді, оларда 213556 оқушы білім алады. Сондай-ақ мектептерде жұмыс істейтін үйірмелерге 84377 оқушы тартылған. Елордалық оқушылардың 81,5 пайызының бос уақытын ұйымдастыруда.

124 білім беру ұйымының (98 мектеп және 26 колледж) базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының жанынан 85 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді.

Кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында іс-шаралар (сабақ, әңгімелесу, лекция, сауалнама, конкурс, кездесу) өтеді.

2022 жылдан бастап «Қауіпсіздік сағаты» ведомство­аралық өзара іс-қимыл жобасы жұмыс істейді (прокуратура, сот, төтенше жағдайлар қызметі, денсаулық сақтау басқармасы, полиция бөлімдері және т. б.). Бүгінде 32 мектепте және 8 колледжде іс-шаралар өтіп, 16 мыңнан астам ата-ана қамтылды.

Суицид пен буллингтің себебі не?

Қаланың 5 ауданында оқу­шылар мен ата-аналарға тегін психологиялық және консультативтік көмек көрсету үшін кабинеттер ашылды. Жыл басынан бері 142 бала мен 156 ата-ана консультациядан өтті. Сонымен қатар қалалық психологиялық қолдау орталығын ашу жоспарлануда. Аталмыш орталық диагностикалық, түзету-дамыту, консультативтік және психо-профилактикалық қызметтерді көрсетеді.

Мектептер мен колледждерде психологпен тікелей байланысып, кеңес алуға мүмкіндік беретін QR-кодтары бар ақпараттық белгілер орнатылған. Балалар мен олардың ата-анасы сұрақтарға жауап ала алады, сонымен қатар студенттер арасында туындайтын мәселелер бойынша әрекет ете алады.

Биыл білім беру ұйымдарында бұзақылыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатта қанатқақты жобаға 5 мектеп енді (Алматы ауданындағы №72 мектеп, Байқоңыр ауданындағы №16 мектеп, Нұра ауданындағы №79 мектеп, Есіл ауданындағы №24 мектеп, Сарыарқа ауданындағы №6 мектеп).

Осы бағдарлама аясында бұзақылықтың алдын алу және азайту (сабақтарды өткізу, тақырыптық міндеттер, бірлесіп оқу), қорқытудың анықталған жағдайын шешу бойынша шаралар қабылданады. Сондай-ақ мұғалімдерді оқушылардың қорқыныш дәрежесін анықтау дағдысына үйрету жоспарлануда.

Асхананың ас мәзірі қандай?

Елордадағы 102 жалпы білім беретін мемлекеттік мектепте 214 мыңнан астам оқушы білім алуда, оның ішінде 100 пайыз бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Медицина университетімен бірлесе перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық ас мәзірі әзірленіп, бекітілді.

Мектептерде қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі, медицина қызметкерлері өкілдерінің қатысуымен тамақтанудың сапасын бақылайтын комиссиялар құрылды. Сондай-ақ Астана қаласының азық-түлік сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптау тобы құрылды.

Азық-түлік сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптау тобы тамақтану сапасын бақылау комиссияларының қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және мектеп оқушыларының тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.

Ағымдағы оқу жылында ведомствоаралық сараптау тобы білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссияларға арналған семинар-кеңес өткізді.

Сәуірдің 11-інен бастап ведомствоаралық сараптау тобы білім беру ұйымдарындағы тамақ сапасын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізеді. Қазіргі кезде мектеп асханаларындағы тағамның сапасы үнемі бақылауда.

Қасымхан Сенғазыев, Астана қаласы

Білім басқармасының басшысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button