Ел тынысы

7 көшеге Bus Lane енгізу жоспарланып отыр

Астананың 7 көшесіне жалпы ұзындығы 58,6 км Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақтарды енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Алдағы уақытта арнайы жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік, Ұлы Дала, Р.Қошқарбаев даңғылдарында, Керей Жәнібек хандар, Ш.Айтматов көшелерінде пайда болады.

Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімі мамыр айының соңына жоспарланып отыр.
Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді.

Bus Lane жобасы алғаш рет Астана қаласында 2015 жылы 26 шілдеде екі учаскеде пилоттық режимде енгізілген: Момышұлы даңғылы Абылай хан даңғылынан Сарайшық көшесіне дейін және Бөгенбай батыр даңғылы Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықта.

Қазір қалада автобустар үшін жолақтардың жалпы ұзындығы 100,5 км құрайды және 27 жол бөлігінде енгізілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button