Қоғам

ҚОҚЫСТАН КЕЛЕТІН ЗИЯН АЗАЯДЫ



Бүгінде қаламызда тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселе әлі де өзекті болып отыр. Шаруашылық саласы мамандарының мәліметінше, қала аумағынан күніне мың тоннаға жуық қоқыс шығарылады екен. Өкініштісі сол, қоқыстармен бірге қоршаған ортаға зиянды неше түрлі заттар полигонға жөнелтіліп жатады. Олардың арасында пластик заттар, ауыр металдарға толы аккумуляторлар мен батарейкалар, тіптен аса улы зат – сынапқа дейін кездесіп жатады.

????????????????????????????????????

Осы жылдың қазан айы­ның басында Энергетика министрлігінде қоқыс мәселесі және қатты қалдықтардың қор­шаған ортаға зиянын азайту мақсатында арнайы жұмыс то­бының отырысы өткені белгілі. Сол жиында қоқыстармен бірге полигондарға төгіліп, қоршаған ортаға зиян тигізіп жатқан әртүрлі қаптамалар мен электр құрылғыларды (тұрмыстық техника, люминесценттік және сынапты шамдар, сондай-ақ химиялық ток көздерінен қуат алатын құрылғылар) қайта өңдеу, кәдеге жарату және жинауға өтемақы төлеу тетігін енгізу жөнінде шешім қабылданған болатын. «Осы мақсатта қалдықтарды жою жұмыстарымен айналысатын «ӨКМ Операторы» мекемесіне жалпы ақша сомасы 1 миллиард 250 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Қазіргі уақытта біз Энергетика министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жобаны іске асыру шарттарын пысықтап жатырмыз. Сондай-ақ, ел аумағы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың кейбір түрлерін жинау және қайта өңдеумен айналысуға ниетті компания­ларды конкурсқа шақырып жатырмыз. Экологиялық норма және технологиялық стан­дарттарға сәйкес деп та­нылған кәсіпорындар жинау және қайта өңдеу бойынша ақша­лай өтемақы алатын болады. Жо­баның негізгі мақсаты – батарейка, электронды және электр құрылғылары сияқты қауіпті қалдықтарды полигонға дейін жеткізбей жою, қатты тұрмыстық қалдықтардың көмілу көлемін азайту, экологиялық жағдайды жақсарту» дейді «ӨКМ Операторы» мекемесінің баспасөз хатшысы Жомарт Рахымжан.
Мамандардың айтуынша, қоқысқа тасталатын ең қауіпті заттардың бірі – электр үнем­дегіш шамдар. Люминес­центті шамдар әдеттегі жарық көздеріне қарағанда 8 есе көп жарық бе­реді. Соған қарамастан, электр энер­гиясын 5 есеге дейін аз тұ­тынады. Әрі пайдалану мерзімі де ұзақ, қалыпты жағдайда 8 мың сағатқа дейін қызмет етеді. Алайда экономикалық жағынан тиімді болғанымен, зиянды тұс­тары баршылық. Құрамында ұнтақ немесе бу түріндегі 3-5 мг аралығында сынап қоспасы болатындықтан, мұндай шамдар аса қауіпті болады. Мұндай лампалардың кез-келгені сынып, құрамындағы улы зат топырақ пен суға төгілсе, орасан зор көлемде зиян келтіретінін айта кету керек. Оны ескеріп жатқан тұрғындар жоқ. Істен шыққан бойда бірден қоқыс жәшігіне лақтыра саламыз. Мұның арты өте үлкен экологиялық зардапқа апарып жатыр.
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында 2013 жылы Астана қаласы әкімдігінің бас­тамасымен елімізде алғаш рет зиянды шамдарды қабылдап, кейіннен утилизацияға жіберуді көздейтін арнайы бағдарлама қабылданған. Қаланың әр ауданында әртүрлі өлшемдегі үнемдегіш шамдар мен басқа да зиянды химиялық қуат көздерін (батарейкалар, аккумуля­тор­лар) қабылдайтын арнайы контей­нерлер орнатылып, тұр­ғындар арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргі­зілген болатын. Басында бірден 100 контейнер қойылып, бүгінге дейін барлығы 2 миллионнан астам шам жиналып алынды. Пилоттық жоба ретінде қолға алынған жоба кейін де жалғасын тауып, арнайы контейнерлердің саны соңғы екі-үш жылдың ішінде 300-ге дейін көбейтілді. Бүгінде мұндай орындардың санын 500-ге дейін көбейту қарастырылып отыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button