Елорда тынысы

Қосымша тапсырмалар берді



Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев және аудан әкімінің орынбасарлары ауданды аралау, аула тұрғындарымен кездесу жұмыс­тарын жалғастыруда.

Соның барысында биыл атқарылған бірқатар ауқымды жұмыстардың орындалу барысы, оның ішінде абаттандыру, көгалдандыру аясындағы жұмыстар тексерілді. Мәселен, аудан басшысы қала күні қарсаңында абаттандырылып, тұрғындар игілігіне берілген Ақбұлақ өзені жағалауын барып көрді. Бүгінде бұл жағалаудың Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралығы толығымен абаттандырылып, елорда тұрғындарының демалысына қолайлы қоғамдық кеңістікке айналған. Аталған аумақ бойынша аудан әкімі көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары аясында қосымша тапсырмалар берді.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда аталған өзен жағалауының екінші бөлігі, яғни, Абылай хан даңғылынан Ш.Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі аралығында абаттандыру жұмыстары жалғасын тауып отыр. Бұл аумақтағы ескірген алаң қайта жаңартылып, заманауи қоғамдық кеңістік ретінде бой көтереді. Сонымен қатар, аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары да қаралады. Оның ішінде, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындармен бірге талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button