Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚҰДА ТҮСІП, ҚЫЗ ҰЗАТТЫ…



erm_3317-asli

Астана әкімдігінің Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығында Наурыз тойы өтті.

Ұлыстың ұлы күніне орталық қыз­меткерлері тыңғылықты дайын­далған. Халқымыздың ғажайып дәстүрлерінен көрініс қойды. Құда түсіп, қыз ұзатты. Төрде отырған құдалар мақалдап сөйлеп, домбырамен ән айтып, күй шертті. Танымал әнші Арай Асқап ұзатылып бара жатқан қызды сыңсу айтып шығарып салды. Артық-кемі жоқ, кәдімгі шынайы өмірдегідей болды. Отбасы құндылығын дәріптеген дәстүр көп адамға ой салды.
Сонымен бірге, Қазақстан халқы ассамблеясының өзбек, әзербайжан, тәжік, түрік, болгар және грузин этно-мәдени бірлестіктерінен келген өнерпаздар мерекенің көрігін қыздырды. Өзбекше би билеп, түрікше ән айтылды. Басқа ұлттар да өз өнерлерін көрсетті.
– Бүгінде біздің орталықта 13 әйел, 32 бала тұрып жатыр. Олардың бәрі де қамқорлыққа алынған. Біз оларға тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Мақсатымыз орындалды. Әсіресе, балалардың қуанышында шек жоқ. Этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері жеткіншектерге сыйлық тарту етті. Оларға үлкен алғыс айтамыз, – дейді мекеме қызметкері Торғын Ахметова. Шара соңында қонақтар наурыз көжеден дәм татып, орталық ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Азамат Есенжол

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button