Жаңалықтар

ҚұмтөрдІң дауы не болды?



Қырғызстанның «Құмтөр» Ұлттық қауіпсіздік комитеті алтын кені төңірегіндегі тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. Бұл құжатта канадалық инвесторлар жұмысының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлық болғаны айтылады. Арнайы қызметтердің бастамасымен Кұмтөр жобасы бойынша келісімшарттың күшін жою ісі басталып кетті.

28 жыл бойы елдегі ең жоғары билік сыбайлас жемқорлыққа батқан. Алтын кені жөніндегі іс тергеуінің алғашқы қорытындысы осындай. 1992 жылы канадалық инвестормен бас келісім жасау және 1994 жылы оған өзгеріс енгізу кезінде болған парақорлық үшін бұрынғы президент Асқар Акаев, бұрынғы Премьер-министрлер Турсунбек Чынгышев, Апас Джумагулов және сол кезде «Қырғызалтын» мемлекеттік концерны басқарған Дастан Сарыгулов айыпталып отыр. Сондай-ақ тергеу жоба бойынша жаңа шарттар жөнінде 2009 жылы жасалған келісімдерге де заңды баға берді. Елдің жоғары лауазымды тұлғалары бұл келісімдер республиканың экономикасы мен экологияға зиян келтіретінін біле отырып, «Центерра» компаниясының мүдделерін әдейі жоғары қойғанын анықтады. Бұл айыптарға қатысты елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның ұлы Максимге іздеуге жарияланды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button