Мәдениет

Құрманғалиев туралы кітап-альбом



ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершудің «Феномен Ерік Құрманғалиев» атты кітап-альбомының тұсау­кесері өтті.Опера әншісі Ерік ­Құрманғалиевтің 60 жылдығына орай шығарылған кітаптың тұсаукесерінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов өте сирек кездесетін контратенор дауысты опера әншісінің жас­тық шағы туралы естелік айтып, музыкатану әлеміндегі атақты
Н.Л.Дорлиак, Александр ­Лаертский, Дмитрий Бертман, тағы басқа атағы әлемге мәшһүр өнер қайраткерлерінің Ерік ­Құрманғалиевтің ерекше дарынын өте жоғары бағалағанын әсерлі жеткізді. Будапештегі қазақ-мажар қоғамы төрағасының орынбасары Оңайша Мандоки әлемдік музыка тарихында орны бар қазақ әншісінің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалған «Феномен Ерік Құрманғалиев» кітап-альбомның тұлға тануда, Ерік Құрманғалиев есімін насихаттауда ерекше үлес қосып, опера әншісі жайлы келешекте жазылар еңбектердің бастауы боларына сенім білдірді.
Кеш барысында автор Маржан Ершу: «Московский комсомолец» газетінде Ресейдегі жоқтаушысыз қалған белгілі өнер тұлғаларының зираттары туралы мақала жария­ланды. Қараусыз қалған сондай зираттың бірі Ерік Құрманғалиев­тың зираты деген пікір айтады. Бұл біздің жүрегімізді қозғайды. Атақты әншіге деген құрметімізді әлі де білдіре алмай келеміз деген көптің көкейінде жүрген ойымен үндесетін шығар деймін» деп, кітаптың қалай жазылғаны туралы тебірене жеткізді.

Жадыра ШАМҰРАТОВА




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button