Мәдениет

Қылқалам шеберімен кездесті



Жуырда Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінің 35 жылдығына орай белгілі қылқалам шебері, Қазақстан Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Мұхтар Байбосынмен кездесу өтіп, оның «Сәкен азат жолында» атты картинасының тұсаукесері өтті.

Кездесу басында қатысушыларға суретшінің өнері, бейнелеу өнеріндегі бағыттары таныстырылды. Мұхтар Байбосын – қылқаламы арқылы қазақ мәдениетін, тарихи тұлғаларды, кешегі өткен ақындар мен жазушыларды, халық композиторларын, сал-серілерді насихаттап жүрген өнер иесі. Мұнда әкесі, әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосыновтың әсері, бала кезінен естіп келе жатқан әңгімелері мен оқыған кітаптарының әсері жоқ емес.

Тұсаукесерді аталмыш музейдің директоры, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов кіріспе сөзбен ашып берді. Кездесу суретшімен сұхбатқа ұласты. Мұхтар Қайратұлына неше жастан бастап сурет салғаны, қанша туындысы бары, «Сәкен азат жолында» картинасының тарихы туралы, басқа да сұрақтар қойылды. Оларға суретші толымды жауап берді. Соңында қылқалам шеберіне естелік сыйлық тапсырылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button